Әділет ұғымы адамзат өркениетінде ежелден ерекше мәнге ие. Грек мифологиясындағы Фемида бейнесі – соның айғағы. Бір қолындағы таразы – әділдіктің өлшемі, екінші қолындағы қылыш – заңның күші, ал байланған көзі – төреліктің бейтараптығын білдіреді. Бүгінгі құқықтық мемлекеттерде де осы қағидаттар негізгі бағдар болып отыр. Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар да сот тәуелсіздігін күшейту және құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатымен байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік жылдарында елдің сот жүйесі бірнеше кезеңнен өтті. Алғашқы жылдары басты міндет – мемлекеттік институттарды қалыптастыру, құқықтық тәртіп орнату және жаңа мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Кейін қоғам дамыған сайын сот жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселесі күн тәртібіне шықты. Қазіргі реформалар осы қажеттіліктерге жауап іздеумен байланысты.
Толығырақ https://egemen.kz/article/408539-zhanha-konstitutsiya-dgobasy-sot-tauelsizdigi-men-quqyq-ustemdigin-kusheytedi
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1177610?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау