Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы Comtrux Astana жаңа халықаралық көрмені іске қоcуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Business Media Central Asia (BMCA) Messe Frankfurt Exhibition GmbH лицензиясы бойынша ұйымдастырылатын коммерциялық көлік пен жол логистикасы шешімдеріне арналған жаңа халықаралық Comtrux Astana көрмесінің іске қосылғанын хабарлайды. Көрме 2026 жылғы 5–7 мамыр күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.

Жаңа Comtrux Astana бренді — Komtrans + BUSexpo Astana көрмелерінің ауқымды ребрендингінің нәтижесі. Жоба Қазақстан және Орталық Азиядағы коммерциялық көлік өндісірін дамытуға, халықаралық қатынастарды кеңейтуге және әлемдік деңгейдегі стратегиялық серіктестерді тартуға бағытталған.

Көрмеде жүк көліктері мен автобустар, дөңгелектер мен кузовтық шешімдер, навигация, телематика және автопаркті басқару (fleet management) саласындағы инновациялар ұсынылады. Ерекше назар экологиялық технологияларға, трансшекаралық логистикаға және қазақстандық компанияларды жаһандық жеткізу тізбектеріне енгізуге аударылады.

Comtrux Astana 2026 көрмесі Eurasian Construction Technology Astana көрмесімен қатар өтеді. Бұл шешім көлік пен құрылыс салалары арасындағы өзара байланысты күшейту үшін жасалған. 2025 жылы осы  жобалар Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан 230 компанияны біріктіріп, 100-ден астам B2B кездесуді ұйымдастырды және жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын келісімдерге жетуге жол ашты.

 

Comtrux Astana көрмесіне қатысуға арналған тегін билетті мына сілтеме арқылы алыңыз: https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=41&utm_source=akimatshymkent&utm_medium=akimatshymkent&utm_campaign=akimatshymkent

Ольга Носова, Жоба бойынша жетекші менеджер

Тел. +7 (717) 264 22 10 (ішкі 205)

olga.nosova@bmca.kz

Әділжан Каримов, PR/GR менеджері

Тел.: +7 771 988 1200

E-mail: adilzhan.karimov@bmca.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1178830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version