ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА “UMC” КҚ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы базасында 2026 жылғы 27 ақпан және 10 наурыз аралығында  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі, “Қазақмыс” корпорациясы және “UMC” КҚ арасындағы ынтымақтастық туралы төртжақты меморандум аясында “UMC” КҚ мамандарының қатысуымен оқыту семинарлары өтті.

Корпоративтік қордың мамандары (№3 сапа менеджменті бөлімінің бастығы Р. Т. Туманова, № 2 сапа менеджменті бөлімінің бастығы Л. Р. Литвинова, ординатор дәрігер, анестезиолог реаниматолог Т. Э. Айдарбеков, балалар анестезиясы, реанимация және қарқынды терапия мейіргері С. Б. Ақбердиева) облыстық аурухананың медицина қызметкерлерімен стратегиялық жоспарлау, пациенттердің қауіпсіздік мәдениеті, персоналмен жұмыс, шағымдар мен талаптарды басқару, зертханалық қызметтер көрсету, ғимараттарды басқару және қауіпсіздік, тәуекелдерді басқару бойынша теориялық білімдері және тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріндегі мейіргерлік күтім, шұғыл жағдай және қарқынды терапия тақырыптары қамтылды, ауруханадағы процестермен танысу және оқу процесінде қажетті ұсыныстар беру мақсатында аралап қарау (тиісті нысандар бойынша) жүргізілді.

Нәтижесінде курстардың тыңдаушылары медициналық мекеме қызметінің жоғарыда аталған бағыттары бойынша өздерінің базалық білімдерін жаңартты, практикалық дағдыларын жетілдірді және кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-densaulyk/press/news/details/1178831?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version