Дайындықты тексеру және психологиялық тұрақтылық: Талдықорған полициясының саптық тексерісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласы полиция басқармасының тәулікке шығатын қызметкерлеріне Жетісу облысы полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері строевой тексеріс өткізіп, нұсқаулық берді.

Іс-шара барысында полицейлерге азаматтардың қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысының қауіпсіздігіне бақылау жүргізу талаптары толық жеткізілді. Азаматтармен қарым-қатынаста сақтық, сыпайылық пен мәдениеттілік көрсетуге ерекше көңіл бөлінді — әрбір кездесу жоғары эмоционалды төзімділікті қажет етеді.

Нұсқаулық барысында полиция қызметкерлерінің әртүрлі жағдайларда әрекет ету алгоритмдері де түсіндірілді. Техникалық дайындықтан бөлек, жеке құрамның физикалық және психологиялық жағдайына ерекше назар аударылды. Түнгі кезекшілік немесе қиын ауа райында қызмет ету тек кәсіби шеберлікті емес, сонымен қатар төзімділікті, шоғырлануды және эмоционалды тұрақтылықты сақтауды талап етеді.

«Әрбір кезекшілік — назардылыққа, физикалық және психологиялық дайындыққа арналған сынақ», — деп атап өтті нұсқаушылар. Мұндай іс-шаралар қызметкерлерге кез келген шақыруларға барынша дайын болуға, қаланың тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

#біздіңполиция #нашаполиция #законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1178966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version