Балалардың көзімен болашақ қалай көрінеді? Роботтар, ақылды үйлер, ғарыштық модельдер және өздерінің цифрлық жобалары. Мұның барлығын «Қайнар» білім беру және бос уақытты кешенінің филиалында өткен «TECHNOKAINAR: ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР» техникалық шығармашылық көрмесінің қатысушылары таныстырды.
Өз жобаларын 7 жастан 11 жасқа дейінгі 30 жас өнертапқыш таныстырды. Балаларды қолдауға 50-ден астам қонақ келді. Сегіз педагогтың жетекшілігімен балалар STEM, робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу және цифрлық графика бағыттары бойынша жобалар дайындады.
STEM-бөлімінде жас зерттеушілер инженерлік ойлау қабілетін және білімді тәжірибеде қолдануды көрсететін жобаларын ұсынды. Бостандық Адахан «Болашақтың ақылды үйі» жобасын таныстырды — бұл қауіпсіздік жүйесі мен интеллектуалды басқаруы бар автоматтандырылған тұрғын үй моделі. Захар Жижин қозғалыс датчигі бар интерактивті «Смарт-айна» жобасын, сондай-ақ «Қара құрдым макетін» көрсетті. Платон Шерстнев пен Сафина Рахманова өсімдіктер өсіруге арналған шағын гидропоника және аквапоника жүйесін әзірледі. Максим Буркут «Күн жүйесінің моделін» ұсынды.
Робототехника бөлімі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Балалар LEGO Mindstorms EV3, WeDo 2.0 және Arduino платформасы негізінде жасалған модельдерді таныстырды. Жобалардың қатарында Дмитрий Будановтың «Робот-комбайны», Игнат Квашин мен Назар Волковтың «Автоматты қақпалары», Степан Аксеновтың «Су диірмені», Анна Ведерникова мен Айлин Талғаттың «Болашақтың ойын-сауық паркі», Евгений Богачевтің түрленетін «Super машинкасы» және Альсен Асанханова мен Эмилия Фазлееваның «Үй жинауға арналған робот-көмекшілері» бар.
«Робот-суретші» жобасы да ерекше назар аудартты. Антон Галкин мен Юрий Крамнюк жасаған бұл жүйе механикалық қол арқылы суреттерді бейнелей алады. Сондай-ақ Алан Атюшкин мен Халид Джемухаев Arduino базасы негізінде «Музыкалық робот-із кесуші» жобасын ұсынды.
Бағдарламалау бөлімінде білім беруге арналған цифрлық жобалар таныстырылды. Алияр Қалиолла киберқауіпсіздік тақырыбында «Барлығын бұзған пароль» атты мультфильм жасады, ал Михаил Суровцев көбейту кестесін үйренуге арналған «Қозғалыстағы кестелер» атты интерактивті сайт әзірледі.
3D-модельдеу бағыты бойынша қатысушылар 3D-қалам мен 3D-принтер арқылы жасалған жұмыстарын ұсынды: Алан Жамбулатовтың «Эйфель мұнарасы», Сафира Сапашеваның «LOVE» композициясы, Дарья Абельдинованың «Жылқы» жұмысы және Ансар Ерлановтың «Айдаһар мүсіні».
Цифрлық өнер компьютерлік графика бөлімінде таныстырылды. Ратмир Афанасьев «Цифрлық мустанг: жылдамдық геометриясы» жұмысын көрсетсе, Амирхан Капаров «Кемпірқосақ жыртқышы» атты қасқырдың геометриялық иллюстрациясын ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1178967?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау