Облыстық және аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Бурыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өзгерістер мен референдумның маңызы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Коалиция мүшелері тұрғындарға референдумның мәні мен маңызын айтып, әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы қажет екенін жеткізді.
Жиын барысында ауыл тұрғындары да өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық әрі еркін форматта өткен кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзара пікір алмасу болды.
Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатып, қоғамдағы маңызды мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1178820?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау