Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің әйел қызметкерлері арасында спорттық турнир өтті. Аталған жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар тәртіп сақшыларының кәсіби дайындығын, ұйымшылдығын және табандылығын айқын көрсетті.
Турнирге полиция департаменті аппаратының, бес аудандық полиция басқармасының және патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар волейбол және тапаншадан ату бойынша сынға түсті.
Волейбол жарысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Еңбекші АПБ командасы; ІІ орын – Абай АПБ; 3 орын – Тұран АПБ командасы.
Ал тапаншадан ату сайысында қатысушылар мергендік пен дәлдіктің жоғары деңгейін көрсетті. Нәтижесінде 1-орынды полиция майоры Альмира Амирова, полиция капитаны Мәншүк Саржанова иеленді, 2-орынды полиция майоры Гаухар Жанайдарова мен полиция капитаны Айдана Тұрдымұрат, ал 3-орынды полиция капитаны Әйгерім Жаппарова мен полиция лейтенанты Гүлназ Мұратова иеленді.
Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етіп, әйел-полицейлердің қызметтегі кәсібилігі мен спорттағы шеберлігін айқын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1178819?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау