Шымкент қаласында тұрғындарға
Конституцияның маңызы мен негізгі қағидаттарын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Осындай іс-шаралардың бірі қалалық №12 емханада өтіп, оған жергілікті тұрғындар мен медицина қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент қалалық өкілдігі жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, еліміздің Ата заңы – Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі мен маңызына тоқталды. Ол Конституция мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін негізгі құжат екенін атап өтті.
Спикердің айтуынша, соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен жаңғыру бастамалары Конституция қағидаттарына негізделген. Бұл өз кезегінде әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178736?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау