14–23 наурыз аралығында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Наурызнама» онкүндігі аясында кең көлемді мәдени-рухани іс-шаралар легі ұйымдастырылады.
Мерекелік онкүндіктің бағдарламасы
14 наурыз – Көрісу күні: «Амал мерекесі» – қыстан аман шыққан жұрттың бір-бірімен қауышып, төс қағыстырып, амандық-саулық тілейтін ежелгі қазақ дәстүрі.
16 наурыз – Шаңырақ күні: Шығыс Қазақстанның екі көрнекті тұлғасы — Ахат Күленов пен Бошай Кітапбаевтың ұрпақтарына арналған «Шарапатты шаңырақ шежіресі» атты отбасылық бенефис өтеді.
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Манай әулетімен дәстүр сабақтастығына арналған «Қыран рухты әулет» атты шығармашылық кездесу өтеді.
18 наурыз – Ұлттық киім күні: Іс-шара қоғам қайраткері, ҚР мәдениет қайраткері Сағымбек Ақанов пен Өскемен қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп өткізіледі.
Кездесу барысында «Ақ босаға» әжелер ансамблінің орындауында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалады. Сондай-ақ ұлттық киімдердің заманауи үлгілері ұсынылып, ұлттық элементтер мен қазіргі дизайн үйлесім тапқан бейнематериал көрсетіледі.
Мектеп оқушылары үшін «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты медиа-сабақ ұйымдастырылады.
19 наурыз – Жаңару күні: Бұл күні «Наурыз – шаттық мерекесі» атты мерекелік концерт өтеді.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны бойынша қалалық турнир өтеді.
21 наурыз – Ынтымақ күні: Бұл – халықтың бірлігі мен келісімін, достық пен өзара құрметті дәріптейтін ерекше күн. Осы күні «Халық әні – қазына» атты бағдарламамен әнші Берік Рамазановтың мерекелік концерті өтеді.
22 наурыз – Ұлыс оң болсын!: Кітапхананың әлеуметтік желілерінде өңірдің танымал тұлғаларының мерекелік бейнеқұттықтаулары көрсетіледі.
23 наурыз – Тазару күні: Онлайн-платформаларда рухани және экологиялық тазалыққа арналған жарияланымдар ұсынылады.
Онкүндік аясында «Армысың, әз-Наурыз!» атты интерактивті кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде ұсынылған әдебиет арқылы келушілер қазақ халқының дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және рухани мұрасымен тереңірек таныса алады.
«Наурызнама» онкүндігі – ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен дәстүрлерді жаңғыртуды қазіргі заманғы технологиялармен үйлестіретін мазмұнды мерекелік бағдарлама.
Дереккөз: А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1178680?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау