ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 18 азамат қатысып, өздерін толғандырған әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтерді.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, инфрақұрылым, коммуналдық қызмет сапасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелеріне қатысты өтініштерін жеткізді. Әрбір көтерілген мәселе қала басшысы тарапынан мұқият тыңдалып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Қала әкімі өз сөзінде тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешу – жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
-Әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы – біз үшін маңызды. Халықтың талап-тілегіне дер кезінде көңіл бөліп, заң аясында нақты шешім қабылдау – біздің негізгі жұмысымыз. Біз заң аясында барлықтарыңыздың мәселелеріңіздің оң шешімін табуға заң аясында жұмыс жасаймыз.», – деп атап өтті Әзімбек Пазылбекұлы.
Көтерілген мәселелердің бірқатары қабылдау барысында шешімін тауып, қалған өтініштер бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеліп, орындалуы бақылауға алынды.
Тұрғындарды жеке қабылдау –
әр айдың үшінші сәрсенбісінде бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына жүгінуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1179025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version