Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер еңбек құлдығына түсіп қалмаудың жолдарын көрнекі әрі түсінікті түрде көрсетіп, заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып бейнеролик дайындады. Сюжеттің кейіпкері ойдан шығарылғанымен, өкінішке қарай әлі де өзекті жағдайды бейнелейді: қаржылық жағдайын түзеткісі келген ол құжаттарын бөгде адамға беріп, шалғайдағы фермада еңбек қанауының құрбанына айналады.
Оқиғаның қалай аяқталғанын әрбір қолданушы бейнероликті көру арқылы біле алады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланған.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу бағытында тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізеді. Құрамында полиция қызметкері, еңбек инспекторы, прокурор және үкіметтік емес ұйым өкілі бар мобильдік топ жұмыс істейді. Биыл мобильдік топ Ақжар, Мамлют және Жамбыл аудандарына барып қайтты.
Тұрғындармен кездесулер барысында полицейлер қанаудың түрлері мен нысандарын түсіндіріп, жадынамалар таратады. Тұрғындармен кездесулер барысында полицейлер қанаудың түрлері мен нысандарын түсіндіріп, жадынамалар таратады және адам саудасына байланысты қылмыстардың кез келген белгілері туралы «102» арнасына хабарлауға болатынын ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1179023?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау