РЕФЕРЕНДУМ-2026: ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН РЕФЕРЕНДУМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпыхалықтық референдум қарсаңында Шымкент қаласында жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының мүшелері Шымкент қаласындағы Өзбек драма театрының ұжымымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – Конституцияның жаңа жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен таныстырып, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызын түсіндіру болды.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев, қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов, қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, «Шымкент қаласының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Сайрам медициналық колледжінің директоры Жанар Әмірханқызы, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тахирбек Нишанбаев, Сайрам медициналық колледжі директорының орынбасары Бахадир Акрамшиков және «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Омаров қатысты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Спикерлердің айтуынша, референдум – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік. Сондықтан әрбір азаматтың саяси науқанға белсенді қатысуы елдің болашағын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, театр ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, коалиция мүшелерінен нақты жауап алды. Пікір алмасу барысында қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, елдің дамуына жаңа серпін беруге ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version