Облыстық білім басқармасы мен «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен сынып жетекшілері арасында өткен «Білім мен тәрбие тандемі» атты облыстық олимпиада өз мәресіне жетті.
🌟 Тәрбие мен білімнің бастауы
Олимпиаданың басты мақсаты — «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жаңғырту, сынып жетекшісінің қоғамдағы рөлін айқындау және озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау. Байқау барысында ұстаздар өз кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және тәрбие ісіндегі жаңашыл әдістерін көрсетті.
🥈 Жеңіс тұғырында – біздің әріптесіміз!
Ақсуат ауданының намысын абыроймен қорғаған Сасан би атындағы орта мектебінің сынып жетекшісі Амирова Балжан Темиргалиевна жоғары дайындығы мен кәсіби біліктілігін дәлелдеп, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! 👏✨
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1178784?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау