🔰 САРЫАҒАШ: «HIGH SCHOOL» OF SARYAGASH» ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Департаментпен бекітілген жоспардан тыс тексеру тағайындау актісіне сәйкес Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты «High school» of Saryagash» зияткерлік білім беру мектебі» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
Тексеру барысында Рауан Жұмадулаұлы мекемеде еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастарына байланысты міндеттемелерін қарады.
 
Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының реттелуі, тиісті құжаттамалардың жүргізілуі бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.
 
Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша жұмыс берушіге және Серіктестік қызметкерлеріне заңнама талаптарын сақтау жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1179703?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version