Өтетін күні: 2026 жылғы 18,19 наурыз
Уақыты: 17:00
Мекенжайы: Қостанай қ., Перронная к-сі, 20
«Көксерек» — адам мен табиғат, мейірім мен қатыгездік арасындағы мәңгілік қақтығысты бейнелейтін философиялық трагедия.
Қойылымда қасқыр бөлтірігінің адам қолына түсіп, ауылда өсуі арқылы жаратылыс заңына қарсы жасалған әрекеттің қайғылы салдары ашылады. Адамға бауыр басқан Көксерек өзін ит сезінгенімен, қанындағы түз заңы мен тегін тануға деген ішкі үн оны өз болмысына қайта жетелейді.
Құрмаш пен Көксерек арасындағы пәк мейірім тағдыр мен табиғат заңына қарсы тұра алмайды. Спектакль еркіндік, ар-намыс, тегіне адалдық ұғымдарын поэтикалық әрі символикалық сахналық тіл арқылы көтереді. Сонымен қатар, қойылым көрерменді «Адам табиғатты өзгерте ала ма, әлде табиғат өз заңын орындата ма?»— деген терең ойға жетелейді.
Жас шектеуі: 12+.
Спектакльдің ұзақтығы 45 минут, үзіліссіз өтеді.
Спектакльді қойған:
- Қоюшы-режиссер – Арайлым Карім
- Қоюшы-суретші – Полина Брынская
- Музыкалық көркемдеу – Арайлым Карім.
Байланыс ақпарат:
Касса: 8 (7142) 90-11-39,
Әкімші: 8 (7142) 90-10-29
Ресми сайт: http://www.teatrkukol-kst.kz
E-mail: teatrkukolkst@mail.kz
Әлеуметтік желілер: Instagram: https://www.instagram.com/quyrshaq_teatry/ VK: https://vk.com/quyrshaq_teatry
TikTok: https://www.tiktok.com/@quyrshaq_teatry
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1179705?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау