Ақай ауылдық округі бойынша наурыз айындағы мерекелік іс-шаралар жоспары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз – Амал мерекесі
«Амал келді – жыл келді» дәстүріне сәйкес ауыл үлкендерін жеке-жеке құттықтап, көрісу іс-шарасы ұйымдастырылады. Жастар мен ауыл тұрғындары ауыл ақсақалдары мен әжелерінің үйлеріне барып, амандық сұрап, баталарын алады. Үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақ тілектер айтылады.

15 наурыз – Қайырымдылық күні
«Қайырымдылық – жылы жүректен» акциясы. Мекеме қызметкерлері ерекше бала тәрбиелеп отырған және көпбалалы аналарға азық-түлікпен көмек береді. 

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бір салт-дәстүрді театрландырылған көрініс арқылы көрсету (салт түрі кейін нақтыланады).

17 наурыз – Шаңырақ күні
25 және 50 жыл отасқан үлгілі отбасылармен сұхбат өткізіледі. Отбасылар өз өмір жолын, отбасы құндылықтары мен бір-біріне деген құрметін бөліседі.

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Әлеуметтік желіде ұлттық киім киіп, ұлттық нақыштағы аксессуарлар тағып, арнайы жазба, видео немесе рилс жариялау.

19 наурыз – Жаңару күні
«Гүлге өмір сыйла» – гүл отырғызу акциясы
Іс-шара барысында ауыл аумағына немесе мекеме ауласына гүлдер отырғызылады. Қатысушылар табиғатты қорғау, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі жарыстар: қазақ күресі, асық ату, арқан тартыс, садақ ату, ләңгі тебу, қол күресі (армрестлинг).

21 наурыз – Ынтымақ күні
Татулық пен бірлікті насихаттайтын бейнероликтер түсіру.

22 наурыз – Наурыз мейрамы және Тазару күні

  • «Әз Наурыз келді ауылға» мерекелік іс-шара: концерт, ұлттық ойындар, дәстүрлі көже.

  • Ауылдың үш көшесі жарысқа түседі:

    • Мереке ауылы – В. Фоменко және Желтоқсан көшелері

    • Батырлар ауылы – Ә. Молдағұлова және Қарақыпшақ Қобыланды көшелері

    • Есет батыр ауылы – Тама Есет Көкіұлы, Бәйтерек және Достық көшелері

23 наурыз –  Тазару күні

  • «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акция өткізіледі. Ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірігіп, ауыл аумағын тазалау, қоқыс жинау және қоршаған ортаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізеді. 🌱💚

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-akai/press/news/details/1179757?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version