Кеден органдарына алдын ала ақпаратты (бұдан әрі – АА) ұсыну тәртібін түсіндіру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкелінетін тауарлар туралы мәліметтерді алдын ала ұсыну арқылы тәуекелдерді бағалау, кедендік бақылау шараларын жоспарлау және кедендік рәсімдерді оңтайландыру мақсатында заңнама талаптарын орындауды қамтамасыз ету.
Бейнеконференция барысында қаралған негізгі мәселелер
- Алдын ала ақпараттың мәні және құқықтық реттелуі.
АА – бұл кеден органдарына тауарлар кеден аумағына келмей тұрып берілетін мәліметтер жиынтығы. Ол тәуекелдерді бағалау, кедендік бақылау нысандары мен шараларын таңдау, сондай-ақ кедендік операцияларды жеделдету үшін қолданылады.
- Алдын ала ақпараттың құрамы және санаттары.
Мақсатына қарай АА екі түрге бөлінеді:
міндетті түрде берілетін – тәуекелдерді бағалау және бақылау нысандарын алдын ала анықтау үшін;
ерікті түрде берілетін – кедендік рәсімдерді жеделдету мен оңтайландыру үшін.
- Ұсыну тәртібі.
АА электрондық түрде кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы ұсынылады;
тауарлар келгенге дейін беріледі;
қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынуға болады;
кеден органы ұсынылған АА-ны тіркеп, оған тіркеу нөмірін береді.
- Тіркеуден бас тарту негіздері.
Берілген мәліметтердің Комиссия белгілеген құрамға, құрылымға немесе форматқа сәйкес келмеуі, не заң талаптарының бұзылуы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
- Ақпаратты сақтау мерзімі.
АА кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде тіркелген күннен бастап отыз күнтізбелік күн сақталады, егер Комиссия өзге мерзім белгілемесе.
- Жауапкершілік және бақылау шаралары.
Міндетті АА ұсынылмаған немесе мерзімі бұзылған жағдайда, тауарлар мен оларды тасымалдаушы тұлғалар жоғары тәуекел деңгейіндегі санатқа жатқызылады.
Мұндай жағдайда күшейтілген кедендік бақылау шаралары, оның ішінде тауарларды кедендік тексеру (досмотр) қолданылады.
- АА ұсынудан босатылатын жағдайлар.
Алдын ала ақпарат келесі жағдайларда ұсынылмайды:
– жеке пайдалануға арналған тауарлар бойынша;
– халықаралық пошта жөнелтімдері бойынша;
– төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатындағы гуманитарлық жүктер бойынша;
– әскери жүктер бойынша;
– арнайы кедендік рәсімдерге орналастырылатын тауарлар бойынша;
– ЕАЭО-ға мүше емес елдер арқылы транзитпен өтетін ЕАЭО тауарлары бойынша;
– құбыржол немесе электр беру желілері арқылы тасымалданатын тауарлар бойынша;
– сондай-ақ Комиссия айқындаған өзге жағдайларда.
Қорытынды
Бейнеконференция барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 31-бабының негізгі ережелері мен алдын ала ақпарат ұсыну тәртібі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1179756?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау