Павлодар қаласында өткен Ертіс бассейндік кеңесінің 22-ші отырысына қатыстым. Кеңеске Ертіс бассейнінің тағдырына қатысты барлық ведомствалардың өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібіне Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы, қайталама сумен жабдықтау жүйелерін енгізу, су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату, судың «қара нарығын» жою, су объектілерін санациялау сияқты мәселелер кіріп, кеңес барысында талқыланды.
Кеңес жұмысына ҚР ДСМ СЭБК-нің Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1179173?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау