САЙРАМДА МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Халықаралық әйелдер күніне орай Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Аудан басшысы Мадияр Мұхтарұлының қатысуымен өткен шараға аймақтың тазалығы мен көркіне үлес қосып жүрген қыз-келіншектер мен қарапайым қызметте еңбек етіп жүрген арулар марапатталды. Атап айтқанда, «Көрікті Сайрам», «Сайрам тазалық», «Ақсу» мекемелері мен газ және жарықпен қамту салаларында еңбек етіп жүрген азаматшаларға құрмет көрсетілді.
Аталған мереке Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келгендіктен ауызашар уақытында ұйымдастарылып, Құран бағышталды. Рухани кеш барысында аудан басшысы көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді. Күнделікті таңмен таласа тұрып, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ететін нәзік жандылардың еңбегі – көп жағдайда көзге көріне бермейді, алайда қоғам үшін аса маңызды. Сонымен қатар, аудан әкімі іс-шара барысында жиналған аруларға сыйлықтар мен гүл шоқтарын сыйлады. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары мереке иелеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ЧЕСТЬ ПРАЗДНИКА В САЙРАМЕ ЧЕСТВОВАЛИ ЛЮДЕЙ ТРУДА
В честь Международного женского дня состоялось праздничное мероприятие, организованное акиматом Сайрамского района. На мероприятии с участием главы района Мадияра Мухтарулы были награждены представительницы прекрасного пола вносящие свой вклад в чистоту района, а также женщины, которые трудятся на обычной службе. В частности, были чествованы гражданки, работающие в учреждениях “Көрікті Сайрам”, “Сайрам Тазалық”, “Аксу” и в сфере газового и светового обеспечения.
Поскольку этот праздник совпал со священным месяцем Рамадан, во время ауызашара был организован и прочитан Коран. В ходе духовного вечера глава района поздравил общественность со священным месяцем Рамазан и выразил искреннюю признательность. Труд людей, которые ежедневно с рассвета обеспечивают чистоту улиц и общественных мест – во многом не бросается в глаза, но очень важен для общества. Кроме того, аким района вручил собравшимся в ходе мероприятия женщинам подарки и цветы. Была организована концертная программа, где артисты района подарили хозяевам праздника хорошее настроение.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1179175?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау