Көктемгі жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі
Көктем мезгілінде ауа райының құбылмалы болуына байланысты тұрғын үйлерде пештер мен жылыту құрылғылары әлі де пайдаланылып жатады. Дегенмен осы кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан өрт шығу қаупі артады.
Осыған байланысты Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Өрттің алдын алу үшін:
• пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеріп, уақытылы тазалап тұрыңыз;
• пештің үстінде немесе жанында тез жанғыш заттарды қалдырмаңыз;
• электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
• ақаулы электр сымдарын пайдаланбаңыз;
• балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.
Өрт шыққан жағдайда сабыр сақтап, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласып, адамдарды қауіпсіз жерге шығару қажет.
Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Күршім ауданының ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1179542?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау