Су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік

 

Көктем мезгілінде қардың тез еруі, өзендердегі мұздың бұзылуы және жауын-шашынның көп түсуі салдарынан су тасқыны қаупі артады. Су тасқыны елді мекендерге, тұрғын үйлерге, жолдарға және ауыл шаруашылығы нысандарына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін.

Осыған байланысты Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Су тасқыны қаупі бар аймақтарда тұратын азаматтар алдын ала дайындық шараларын жүргізуі қажет.

Су тасқыны кезінде:

• ресми ақпарат көздерін қадағалаңыз;

• қажетті құжаттар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге қойыңыз;

• электр және газ құрылғыларын өшіріңіз;

• балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

• қажет болған жағдайда эвакуациялау талаптарын орындаңыз.

Қауіпті жағдай туындаған кезде сабыр сақтап, құтқару қызметінің нұсқауларын орындау қажет.

Құрметті тұрғындар! Табиғи апаттардың алдын алу және қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың міндеті.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.

 

Күршім ауданының ТЖБ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1179540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version