Павлодар облысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында ТЖД мен Павлодар облысы бойынша кәсіпкерлер Палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және бизнес-қоғамдастықпен ашық өзара іс-қимылды дамыту.

Меморандум аясында тараптар кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша, сондай-ақ объектілерді салу және пайдалануға беру кезінде заңнама талаптарын сақтау жөнінде әдістемелік және консультативтік көмек көрсететін болады.

          Сонымен қатар құжатта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру және қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылған.

          Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен консультациялар, түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер өткізу және ведомствоаралық жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1179764?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version