Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің (бұдан әрі – бақылау бөлімі) мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары (бұдан әрі – МӘҚИ) 2026 жылдың 01.01. – 12.03 аралығында 9 тексеру жұмыстарын жүргізді.
Оның ішінде: бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен 8 профилактикалық, жоспардан тыс тексеру 1.
Нәтижесінде 9 субъектіге «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» негізінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізілді.
Барлығы 46 бұзушылық анықталды, оның ішінде 18 бұзушылық жойылды, 28 бұзушылық жойылмады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің кепілдік берілген көлемін ұсыну заңнамасын бұзу бойынша 32 бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 жойылды.
Мүгедектігі бар адамдардың абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындамау бойынша 11 бұзушылық анықталды, оның ішінде 4 жойылды.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу бойынша 3 бұзушылық анықталды.
Бұдан басқа, шағым негізінде 1 субъектілеріне (объектілеріне) жоспардан тыс тексеру бойынша (ҚР ӘҚБтК 83-бабы бойынша) «ПРОВ АГРО» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік іс қысқартылған іс жүргізуде қаралды және салынған айыппұлдар сомасы 259 500 теңге. Қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде төленді.
Берілген нұсқамалардың орындалуы Департаменттің ерекше бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1179762?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау