Жоба атауы: «Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» (бұдан әрі – Жоба).
Қаржыландыру көзі: № TF0B9097 Гранты
Келісімшарт нөмірі: KZPMI-RFQ-06
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) «Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру шеңберінде сізге Қазақстандағы өңірлік экологиялық саммитке шетелдік қатысушылардың болуын қамтамасыз ету үшін логистика қызметтері бойынша баға ұсынысын ұсынуды шақырады. Қызметтердің толығырақ сипаттамасымен сіз осы баға ұсынысына сұранымның қосымшасында ұсынылған № KZPMI-RFQ-06 қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт жобасының (бұдан әрі-келісімшарт) 1-қосымшасында таныса аласыз.
2. Қоса берілген нысандарға сәйкес дайындалған баға ұсынысын жіберуіңізді сұраймыз. Ұсыныстың жалпы құны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен төлемдерді қамтуға тиіс. Баға ұсыныстарын бағалау кезінде Тапсырыс беруші келесі жағдайларда кез келген арифметикалық қателерге түзетулер енгізіп баға ұсынысын түзету арқылы әрбір баға ұсынысы үшін ең төмен бағаланған құнын анықтайды:
- цифрлар мен сөздердегі сомалар арасында сәйкессіздік болса, сөзбен көрсетілген сома шешуші болады;
- егер бірлік бағасы мен тауар бірлігінің бағасын санға көбейту арқылы алынған өнім бірлігінің бағасы арасында сәйкессіздік болса, жарияланған бірлік бағасы реттеледі;
- егер қатысушы түзетуді қабылдаудан бас тартса, оның өтінімі қабылданбайды.
3. Саудаластыққа қатысушылар бір ғана баға ұсынысын, балама ұсыныстарды немесе тұруға, билеттерге және т.б баламаларды ұсынса, қабылданбайды және қарастырылмайды.
4. Бағалау бойынша № KZPMI-RFQ-06 Қызмет көрсету шартының 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін ең төменгі бағаны ұсынған компания Шарт талаптары бойынша келіссөздерге шақырылады.
5. Сіздің баға ұсыныстарыңыз баға ұсынысын алған соңғы күннен бастап 30 күн ішінде жарамды болуы керек.
6. Тапсырыс беруші кез келген баға ұсынысын қабылдау немесе қабылдамау, сондай-ақ іріктеу процесін тоқтату және келісім-шарт жасалғанға дейін кез келген уақытта барлық өтінімдерден бас тарту құқығын өзіне қалдырады, соған саудаласттыққа қатысушылар алдында ешқандай жауапкершілік көтермейді.
7. Баға ұсынысына уәкілетті өкіл қол қоюы және kz_pmi@yahoo.com электрондық поштасына жіберілуі немесе келесі мекенжайға қолмен жеткізілуі керек:
«Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» жобасы
Жобаны іске асыру тобы
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі ММ
Астана қ.,Сыганак көшесі, 4., «Евроцентр» БО, . қабат, офис 22-24
Тел.: 8 702 767 64 59
E-mail: kz_pmi@yahoo.com
8. Баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 26 наурыз.
ЗЦП Услуги логистики для участников РЭС
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1180650?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау