2026 жылдың 12-13 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми – әдістемелік орталығы Республикалық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты – жас педагогтердің мәртебесін және шығармашылығын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.
Конкурстық комиссия қатысушы мұғалімдердің жұмыстарын бағалап, қорытындысы бойынша марапаттады:
- І дәрежелі диплом – Л. С. Тохтарова Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 7 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
- ІІ дәрежелі диплом – А. Е. Құмарбекова алгебра пәні мұғалімі, «Облыстық математика, физика, информатика, саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;
- ІІ дәрежелі диплом – А. М. Косова химия пәні мұғалімі, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ; .
- ІІ дәрежелі диплом – Н. О. Каканова қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Рыков атындағы орта мектебі» КММ;
- ІІІ дәрежелі диплом – К. В. Синельщикова орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 7 Алтай орта мектебі» КММ;
- ІІІ дәрежелі диплом – А. А. Хазранова биология пәні мұғалімі, Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Уранхайка негізгі орта мектебі» КММ;
- ІІІ дәрежелі диплом – Ж. М. Қажиева қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Тасбастау шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ;
- ІІІ дәрежелі диплом – А. С. Жұмабаева геометрия пәні мұғалімі.Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ.
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар берілді. Республикалық кезеңге Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 7 орта мектебі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л. С. Тохтарова республикалық кезеңге қатысып, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды. Жас маманға сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1180648?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау