IT-білім беруді дамытудың жаңа кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақпараттық технологиялар колледжі мен Инновациялық Еуразия университеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Әріптестіктің негізгі мақсаты — IT-мамандар мен басқару саласының кадрларын даярлауға арналған қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске қосу.

Сапар барысында ИнЕУ ректоры Чингиз Серікбаевич Макенов колледждің білім беру инфрақұрылымымен танысты. Ол IT-хаб пен салалық зертханаларды аралап, студенттердің жобалары мен дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

Студенттер үшін артықшылықтар:

  1. Оқу үдерісінің барлық кезеңінде тәжірибеге бағытталған білім беру.

  2. Колледж түлектері үшін университетте оқу мерзімін 1 жылға дейін қысқарту мүмкіндігі.

  3. Білім беру бағдарламаларының цифрлық экономиканың заманауи талаптарына сәйкестігі.

Сонымен қатар колледж халықаралық бағытты да дамытуда. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея университетімен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасын енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1180554?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version