Қадірлі жерлестер!
Сіздерді жарқын үміт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл ауысып, өткенге көз жүгіртетін, атқарылған істерге баға беріп, алдағы мақсаттарды айқындайтын ерекше кезеңге қадам басып отырмыз. Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін табысты бастамалар мен маңызды жетістіктерге толы болды. Экономика, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт бағыттарында бірқатар игі істер жүзеге асырылып, ел игілігіне қызмет ететін нақты жобалар жүзеге асты.
Бұл жетістіктер – аудан тұрғындарының бірлігі мен еңбекқорлығының, ел дамуына деген ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Әр салада тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдіремін!
Жаңа жыл – жаңару мен жасампаздықтың, сенім мен үміттің бастауы. Алдағы жылы да ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі нығайту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.
Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, бейбітшілік пен молшылық әкелсін! Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Игі тілекпен, Казталов ауданының әкімі Асланбек САРҚҰЛОВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/1180553?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау