Неліктен зейнетақы жарналарын тұрақты аудару маңызды?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зейнетақы бірнеше құрамдас бөліктен қалыптасады, ал жинақтаушы бөлік бүгінгі күні маңызды рөл атқарады. Болашақтағы төлемдердің мөлшері зейнетақы жарналарының тұрақтылығына тікелей байланысты.

Қандай жарна түрі бар?
МЗЖ – қызметкердің жалақысынан 10%.
МКЗЖ – зиянды және қауіпті өндірістердегі қызметкерлер үшін 5% (жұмыс беруші есебінен).
ЖМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2026 жылы –3,5%, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін өседі).

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимдері аясында жеке шарттар қарастырылған.

Неге бұл маңызды?
• Тұрақты жарналар еңбек өтілін растайды
• Жарналардың мөлшері мен тұрақтылығы болашақ төлемдер көлеміне тікелей әсер етеді
• Ерікті жарна зейтенақы мөлшерін ұлғайтып, 50 жастан бастап төлем алуға мүмкіндік береді
Жеке зейнетақы шотыңызды бақылап, жарналардың уақытылы төленуін қадағалап отыруға кеңес береміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1180922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version