Проведена акция по профилактике туберкулеза

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай өткізілетін айлық аясында 2026 жылғы 11 наурызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды-Сұрыптау станциясының теміржол вокзалында жолаушылар мен көлік қызметкерлері арасында
«Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!» ұранымен акция өткізді.

Іс-шараның мақсаты – туберкулездің алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақыру.

Акция барысында қатысушыларға аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі түсіндірілді. Бүгінде туберкулез толық емделетін ауру екені атап өтілді.

Шара аясында «Сұрақ–жауап» айдары ұйымдастырылып, қатысушыларға ақпараттық материалдар (жадынамалар, лифлеттер, буклеттер) таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1180924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version