Қызылшаның алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 наурызда Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Бұрхат» ЖШС Саяқ локомотив бригадаларының демалыс үйі қызметкерлеріне арналған информациялық семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға 2026 жылғы 19 ақпандағы № 3 қаулы негізінде қызылшаның алдын алу және жұғу жолдары туралы ақпарат берілді. Қызылша – ауа тамшылары арқылы тарайтын өте жұқпалы вирустық ауру, ол ауыр асқынуларға (пневмония, энцефалит) әкелуі мүмкін және негізінен егілмеген балалар мен ересектерге әсер етеді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша информациялық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1180942?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version