Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, Наурыз мерекесіне орай, 13 наурыз күні Пугачев МББК базасында «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты аудандық спартакиада өтті. Оған аудан мектептерінен 11 команда қатысып, 70 оқушы қамтылды. Жарыс барысында оқушылар ұлттық ойын түрлері бойынша өз шеберліктерін сынап, жеңімпаздар анықталды. Спартакиада «Асық ату», «Бес асық», «Алтын сақа», «Арқан тарту» ұлттық ойындары бойынша өткізілді.

Жарыс нәтижесі бойынша⬇️

«Асық ату»
🥇 1 орын – Кеңтүбек ЖОББМ
🥈 2 орын – Ақбұлақ МББК
🥉 3 орын – №6 МЛ

«Бес асық»
🥇 1 орын – №6 МЛ
🥈 2 орын – №2 ЖОББМ
🥉 3 орын – Бөрлі №1 ЖОББМ

«Алтын сақа»
🥇 1 орын – Ақбұлақ МББК
🥈 2 орын – №6 МЛ
🥉 3 орын – Бөрлі №1 ЖОББМ

«Арқан тарту»
🥇 1 орын – №7 ЖОББМ
🥈 2 орын – №4 ЖОББМ
🥉 3 орын – Бөрлі №1 ЖОББМ

Жалпы командалық есеп

🥇 1 орын – №6 МЛ
🥈 2 орын – Ақбұлақ МББК
🥉 3 орын – Кеңтүбек ЖОББМ

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шынайы құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1180943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version