Ақтауда «Автоледи – 2026» байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында «Автоледи – 2026» байқауы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әйел жүргізушілер арасында жүргізу мәдениетін арттыру, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тексеру және көлік басқарудың практикалық дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, байқау жолдағы жауапкершілікті, мұқияттылықты және жол жағдайында дұрыс бағдарлай білу қабілетін дамытуға бағытталды.

Қатысушылардың шығу реті жеребе арқылы анықталды. Әрбір қатысушы бірнеше кезеңнен тұратын кедергілер жолағынан уақытқа өтіп, өз шеберліктерін көрсетті. Олар айналма қозғалыс элементтерін орындап, көлікті сол жақ қапталымен және артқа қарай тұраққа қою, сондай-ақ жылдамдық пен дәлдікке «жыланша» жаттығуын орындады.

Байқауға қатысқан жүргізушілердің көпшілігінің жүргізу тәжірибесі мол. Солардың бірі — Самал Танатарова. Ол жүргізуші куәлігін балаларын балабақшаға апару қажеттілігіне байланысты алған. Бүгінде оның жүргізушілік тәжірибесі 18 жылды құрайды.

Сайыс барысында Самал Танатарова автокөлікті басқаруда жоғары шеберлік танытып, барлық кезеңді 2 минут 47 секундта орындап, бірінші орынға ие болды. Қалған қатысушылар да жақсы нәтижелер көрсетіп, екінші және үшінші жүлделі орындарды иеленді.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай байқаулар жол қозғалысы мәдениетін арттыруға және қауіпсіз жүргізуді насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version