Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай республикалық референдум процесін даярлау және өткізу барысында байқаушылардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың туралы баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова есептен шығару куәліктері, үйде дауыс беруді ұйымдастыру және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аумақтық референдум комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев республикалық референдум күні аумақтық комиссия мүшелері арасында елді мекендер бойынша міндеттерді бөлу және Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясына жедел ақпарат ұсыну алгоритмімен таныстырды. Отырыста комиссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар беріліп, референдумды ұйымдастыру жұмыстарының нақты бағыттары айқындалды.

 

                                                                                           Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1181088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version