Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жумагулов Ильяс Байжуманович Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында ол бөлімнің жеке құрамымен кездесу өткізіп, республика көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп», «Тасымалдаушы», «Антифрауд», «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында қызметті күшейтілген тәртіпте атқару бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге қызметтік міндеттерді орындау барысында Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, құқық қорғау қызметі туралы заңнаманы мүлтіксіз орындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қатаң түрде ескертілді.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DV0wuH5igR3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181072?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау