Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығының қатысуымен әскери бөлімде әскери қызметшілерге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында «Есірткі мен құмар ойындар – отбасының бұзылуына апаратын жол: алдын алу және отбасылық құндылықтарды сақтау» тақырыбы кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында зиянды әдеттердің қоғамға, отбасыға және жеке өмірге тигізетін кері әсері туралы айтылып, олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, әскери қызметшілерге отбасылық құндылықтарды сақтау, жауапкершілік пен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жеткізілді. Мұндай іс-шаралар жеке құрам арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181095?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау