Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕЛЕС АУДАНЫНДА КООПЕРАТИВ 30 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЖЕМІС КӨШЕТТЕРІН ЕГІП ЖАТЫР
Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылдық округінде жаңа бау-бақша жобасы қолға алынды. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бастама аясында 30 гектар аумаққа шабдалы, шие және жүзім көшеттері егілуде. Аталған жоба «Ұлы Дала–2017» ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы жүзеге асуда. Кооператив төрағасы – жергілікті кәсіпкер Нұржан Омаров. Жоспарға сәйкес, 30 гектар жердің 25 гектарына шабдалы, 3 гектарына шие, ал 2 гектарына элиталық жүзім отырғызу көзделген. Қазіргі таңда 2 гектар аумаққа шабдалы көшеттері егілген.
Сонымен қатар, шаруа өткен жылы Біртілек ауылдық округі аумағындағы 5 гектар жерге де шабдалы отырғызған. Қазіргі уақытта шаруашылық Түркиядан шабдалының төрт түрлі сұрпын және шие көшеттерін алдыртып жатыр. Ал жүзімнің элиталық көшеттері Қытайдан жеткізілуде. Жалпы 30 гектар аумақ толықтай тамшылатып суару жүйесімен қамтылады. Қазіргі таңда шаруашылықта электр қуатын қамтамасыз ету үшін трансформатор орнатылып, су жинақтайтын бассейн дайындалған. Жобаның жалпы құны – 131 миллион теңге. Бүгінде кооператив мемлекеттік қолдау шаралары аясында субсидия алуға өтінім берген. Жоба толық жүзеге асқанда ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ КООПЕРАТИВ ВЫСАЖИВАЕТ ПЛОДОВЫЕ САЖЕНЦЫ НА ПЛОЩАДИ 30 ГА
В селе Алпамыс батыр Келесского района стартовал новый садоводческий проект. В рамках инициативы, направленной на развитие сельского хозяйства, на площади 30 гектаров высаживаются саженцы персика, вишни и винограда. Данный проект реализуется через сельскохозяйственный кооператив “Ұлы Дала-2017”. Председатель кооператива – местный предприниматель Нуржан Омаров. Согласно плану, на 30 гектарах земли планируется посадить 25 гектаров персиков, 3 гектара вишни и 2 гектара элитного винограда. В настоящее время на площади 2 га высажены саженцы персика.
Также, в прошлом году садовод посадил персики на площади 5 га на территории Биртилекского сельского округа. В настоящее время хозяйство закупает четыре сорта саженцев персиков и вишни из Турции. А элитные саженцы винограда доставляются из Китая. Общая площадь 30 гектаров будет полностью обеспечена системой капельного орошения. В настоящее время в хозяйстве установлен трансформатор для обеспечения электроэнергией, подготовлен бассейн для сбора воды. Общая стоимость проекта – 131 миллион тенге. Сегодня кооператив подал заявку на получение субсидий в рамках мер государственной поддержки. При полной реализации проект позволит создать дополнительные рабочие места для сельских жителей.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1181277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version