Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА «КӨРІСУ КҮНІ- АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ
Түркістан қаласындағы “Фараб” кітапханасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Көрісу күні – Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Аталған шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көрісу дәстүрінің мәні мен маңызы насихатталып, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық дәстүр аясында бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың татулық пен сыйластыққа негізделген мәдениетін кеңінен танытты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, халқымыздың бай мұрасын ұлықтау және қоғамда дәстүр сабақтастығын дәріптеу.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялан қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1181276?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version