«Ақтас кентінің мәдени – сауық орталығы» КМҚК

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз – «Амал келді – жыл келді» көрісу күнін мерекелеу аясында Ақтас кентінің Мәдени-сауық орталығының қызметкерлері ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған құттықтау акциясын өткізді.

Бұл күні мәдениет саласының қызметкерлері кенттегі мекемелерді: әкімдік аппараты мен емхананы аралады. Олар ұжымдарды Амал мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерімен бөлісті. Сондай-ақ қызметкерлерге ерен еңбектері үшін алғыс айтып, денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен жұмыстарына табыс тіледі.

«Амал келді – жыл келді» мерекесі – өзара сыйластықтың, бірлік пен халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran/press/news/details/1182444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version