Ерлік пен елдікті дәріптеген «Ер қаруы – бес қару» байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ер қаруы – бес қару» атты ұлттық ойындар фестивалі өтті.

Қала жастарының танымдық-қозғалыс белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтына баулу, жастар арасында ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайыс 6 кезеңнен тұрды.

Фестивальге қатысқан 6 топ садақ ату, асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және қол күрес секілді спорт түрлерінен бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан ынталандыру сыйлықтарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1182467?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version