Қазіргі таңда Астана қаласының дәстүрлі садақ ату спортшылары Шымкент қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында 12 мемлекеттің мергендері қатысатын Азия чемпионатына қарқынды дайындалып жатыр.
Елорда садақшылары маңызды науқанда ел тағдырына бейжай қарамай, дауыс беруге қатысты. Атап айтқанда, Астана қаласының дәстүрлі садақ атудан аға жаттықтырушысы Диас Ахметов, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері Айкөркем Батихан, сондай-ақ Көшпенділер ойындарының екі дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері Қасымхан Қанат Шымкент қаласында дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, елордалық спортшылар алдағы Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалып, халықаралық додада ел намысын қорғауды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, олар спорттағы жетістіктерімен қатар, қоғам өміріндегі маңызды шараларға да белсенді қатысып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-madeniet/press/news/details/1182468?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау