«Онлайн бюджеттік мониторинг»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті “Онлайн бюджеттік мониторинг” модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.

«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.

Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады.

Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.

Осылайша,Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 12 наурызға дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы  5280 тәуекелді төлем бойынша барлығы 288 хабарламалар жолданды оның ішінде:

– білім беру саласында 4773 тәуекелді төлем бойынша барлығы 169 хабарламалар;

– мәдениет саласында 412 тәуекелді төлем бойынша барлығы 98 хабарламалар;

– денсаулық сақтау саласында 67 тәуекелді төлем бойынша барлығы 17 қою хаттары хабарламалар;

басқалар – 28 тәуекелді төлем бойынша барлығы 4 қою хаттары хабарламалар;

Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1183256?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version