Жамбыл облысындағы жолдарда 3,5 мыңға жуық ақау анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жамбыл облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

     Осы жылдың екі айында автомобиль жолдарына 706 тексеру жүргізіліп, 6181 шақырым жол желісі қамтылды.

     Тексеру нәтижесінде облыс автожолдарында түрлі сипаттағы 3427 ақау анықталды. Олардың қатарында жол таңбаларының бүлінуі, сондай-ақ жол инфрақұрылымының техникалық талаптарға сәйкес келмеуі сияқты кемшіліктер бар.

     Анықталған бұзушылықтар бойынша жол ұйымдарына оларды жою туралы 711 нұсқама берілді.

     Жолдардың жай-күйі тұрақты бақылауды және жедел шаралар қабылдауды талап етеді. Себебі жол сапасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

     Осыған байланысты полиция қызметкерлері тек нұсқама берумен шектелмей, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуда.

     Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті органдарға 273 ақпараттық хат жолданды. Нұсқамалардың орындалуы жоспарлы түрде бақылауда.

     Жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамағаны үшін облыста 109 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1183257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version