Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа Конституция туралы республикалық референдумға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шанхай қаласы, 2026 жылы 15 наурыз

2026 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығында орналасқан №458 референдум учаскесінде консулдық округ аумағында жүрген Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырды – жаңа  Конституциясын қабылдауына дауыс берді.

Қазақстанның Шаңхай қаласындағы Бас консулдығы қазақстандықтардың дауысын қабылдауды алғаш бастағандардың бірі болды. Дауыс берушілердің басым бөлігін Қытайда білім алып жүрген студенттер мен еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары құрады. Одан бөлек, қызметтік іссапармен немесе Шанхайда транзитпен өтіп бара жатқан кейбір қазақстандықтар да өз таңдауын жасау үшін учаскеге келді.

Бас консулдық аумағында референдум учаскесінің ашылуы Қазақстан азаматтарына осы маңызды саяси үдеріске қатысуға, яғни елдің Ата заңын қабылдау мәселесі бойынша өз пікірін білдіруге толық мүмкіндік берілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-shanghai/press/news/details/1182679?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version