Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес өткізілген бүгінгі кезекті кездесу Сарыағаш ауданында жалғасын тапты.
Кездесуге Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Сарыағаш ауданына қарасты кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы баяндама жасады.
Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау