🔰 САРЫАҒАШ: ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес өткізілген бүгінгі кезекті кездесу Сарыағаш ауданында жалғасын тапты.
 
🔹 Кездесуге Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Сарыағаш ауданына қарасты кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы баяндама жасады.
 
🔹 Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1183091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді