🔰 ЖЕТІСАЙ: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгінгі аудандық білім саласының кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, Департаменттің ұйымдастыруымен еңбек қатынастарындағы жаңа талаптарды түсіндіру және қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары Жетісай ауданында жалғасын тапты.
 
Негізгі мақсаты еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын түсіндіру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатын іс шараға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Пірімбетов Серікбай Қонысбекұлы, Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Спарханов Мұхамеджан Сапарқұлұлы, Департаменттің бөлім басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және өңірдегі кәсіпорын иелері қатысты.
 
Жиын барысында жауапты мамандар тарапынан жұмыс берушілердің міндеттері, сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі, сондай-ақ жазатайым жағдай орын алған кезде төленетін сақтандыру төлемдері туралы кеңінен түсіндірілді.
 
Сонымен қатар, кәсіподақ өкілдері тарапынан жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері көтерілді.
 
Кездесу соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
 
Жалпы, мұндай іс-шаралар жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1184400?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version