Бүгін – Ұлттық киім күніне орай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және насихаттау мақсатында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұжымы жұмысқа ұлттық киіммен келді.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы, ұлттың болмысын айқындайтын маңызды мұра. Осындай игі бастамалар арқылы дәстүрімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа үлгі болуды мақсат етеміз.
Мерекеге орай ұжым арасында жылы лебіздер айтылып, бір-біріне ақжарма тілектер мен шынайы құттықтаулар жолданды. Бұл күн ұжымға ерекше көңіл-күй сыйлап, бірлік пен татулықты одан әрі нығайта түсті.
Баршаңызды Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз әрдайым дәріптеле берсін! Әр шаңыраққа амандық, береке және бақ-береке тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1184120?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау