2026 жылдың 18 наурызында Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXV сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің м.а. Ә.Шапенов, ШҚО бойынша тексеру комисиясының мүшесі ZOOM платформасы арқылы, аудан әкімінің орынбасары Ф.Құсайынов, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде көрсетіледі.
Сессияда 2025 жылғы Катонқарағай аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Катонқарағай ауданы әкімінің м.а. Ә.Шапеновтың және Шығыс Қазақстан Облысы бойынша тексеру комисиясының ақпараттары тыңдалды. 2026 жылғы ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы ауылдық округ әкімдері өз баяндамаларын жасады. Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмысы, проблемалары, себептері мен шешу жолдары, жер ресурстарының пайдалануы мен қорғалуына байланысты атқарылған шаралар туралы аудан әкімінің орынбасары баяндама жасады. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/katon-maslihat/press/news/details/1184119?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау