Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі ү.ж. маусымның 17-і Тілдерді оқыту орталығында (Петропавл қ-сы,Кеншінбаев көшесі, 22) өтеді.

2. Байқаудың мақсаты авторлық бағдарламалары, ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларды ынталандыру, қолдау және марапаттау.

3. Байқаудың міндеттері:

1) қазақ тілінің ортадан жоғары (В2) деңгейін меңгертудің үздік тәжірибесін анықтау;

2) оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

3) қазақ тілін меңгертудің озық авторлық бағдарламаларын тарату;

4) ересектерге мемлекеттік тілді үйрететін шығармашыл әлеуеті бар оқытушылардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру;

5) оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру.

4. Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең. Өзін таныстыру.

2) Екінші  кезең. Бұл кезеңде қатысушылар ұяшықтағы сұрақтардың біріне (сабақтың түріне анықтама беріңіз, талаптарын атаңыз; берілген әдістің анықтамасын айтыңыз, тиімділігін түсіндіріңіз) жауап береді.

3) Үшінші кезең. Байқауға қатысушы сөйлеу әрекетінің 4 түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қолдана отыра,  В2 деңгейіне арналған сабақ үлгісін көрсетеді. Панорамалық сабақтың көлемі 7 минут.

5. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

6. Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар арасында өткізіледі.

7. Байқауға қатысуға өтінім қосымша берілген кесте бойынша   қабылданады.

8. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7152) 33-11-69, +77028660150.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1184317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version