ҚМДБ Алматы облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, психолог, «Тұлға бол» жобасының авторы Жаналиева Назерке Әкішқызы Ұлытау облысы Аналар кеңесімен арнайы кездесіп, «Әйел бір қолымен әлемді, бір қолымен бесік тербетеді» тақырыбында мазмұнды ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласындағы оқу орталығында әйел-қыздармен топтық кездесу, Сәтбаев қаласында әйел-қыздар секторының өкілдерімен топтық кездесу және жеке кездесулер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында орта білім беру мекемелерінің психолог мамандарына арналған арнайы семинар өткізіліп, жастар тәрбиесі, рухани құндылықтарды нығайту және психологиялық қолдау мәселелері талқыланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1184316?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау